Әуе көліктерінің қызметі бір жылда 20%-ға қымбаттады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылдың қаңтар–қыркүйек айларында әуе компаниялары 8 млн адамды тасымалдады - бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,7%-ға артық.

Қыркүйек айында жолаушылар тасымалы 1 млн адамды құрады — бір жыл ішінде 24,1%-ға көбейді, бірақ осы жылдың тамызына қарағанда 9,8%-ға аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Жолаушылар айналымы 14,4 млрд пкм (1 км – жолаушы-километр өлшемі) құрады — өткен жылмен салыстырғанда 32,2%-ға артық. Қыркүйек айында бұл көрсеткіш 1,9 млрд пкм-ге жетті - өткен жылмен салыстырғанда бірден 41,2%-ға өскен.

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жүк пен багажды әуе көлігімен тасымалдау 17,3 мың тоннаны құрады — бұл өткен жылмен салыстырғанда 31,1%-ға аз. Қыркүйек айында тасымалдау өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 15,9%-ға және бір айда 11,7%-ға, 2,1 мың тоннаға дейін төмендеді.

Осы жылдың қаңтар–қыркүйек айларында жүк айналымы 39 млн пкм болды — өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға аз. Қыркүйек айында жүк айналымы 9,2%-ға, 4,9 мың тоннаға дейін төмендеді.

Биыл әуе көлігі кәсіпорындарының кірісі 421,6 млрд теңгеге жетті. Былтыр бұл сома 265,7 млрд теңге болған. Құны бойынша өсім бір жыл ішінде 58,7% құрады. Осы жылдың ай сайынғы динамикасында сектордағы компаниялардың ең көп табысы тамыз айында, ең азы қаңтарда тіркелді.

Биылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша әуе жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы жылдық қарқынмен 20,4%-ға өсті.

Баға Түркістан облысында қатты қымбаттаған: бір жылда бірден 49,3%-ға артық. Антилидерлердің үштігіне Шымкент (плюс 46%) және Ақтөбе облысы (плюс 45,9%) кірді. Бағаның айтарлықтай өсуі Алматыда (плюс 45,1%) және Шығыс Қазақстан облысында (плюс 38,8%) байқалды.

Соған қарамастан, Павлодар облысында баға бір жылда 23,6%-ға, Ұлытауда — 18,7%-ға, Алматыда — 13,4%-ға, Қарағандыда - 6,7%-ға, Атырауда - 4,2%-ға төмендеді.


Соңғы жаңалықтар