+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Аудиторлық тексеру 198 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтарын анықтады - Смайылов

2019 жылғы 12 қараша 11:12
Бөлісіңіз:
Аудиторлық тексеру 198 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтарын анықтады - Смайылов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аудиторлық тексеру 198 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтарын анықтады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 10 айдағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы жайында баяндаған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтардың қаржы аударымдары тексеріледі ҚР Ұлттық Банк Төрағасы жұмыс сапарымен Вашингтонға барды Имидждік мақсатқа жұмсалмақ болған 1 млрд 400 млн теңге үнемделді

«Есеп беру кезеңінде бюджет қаражатын игеру барысында туындайтын бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2 779 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудиторлық іс-шаралармен 694 млрд теңге қамтылды. 194 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды», - деді бірінші вице-премьер.

Оның дерегінше, тексеру нәтижелері бойынша 179 млрд теңге сомаға тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, есепке алу және бюджетке өтеу арқылы бұзушылықтар жойылды. Жүргізілген камералдық бақылау нәтижесінде 743 млрд теңге сомаға мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтардың алдын алу жүргізілді.

«Жыл соңына дейін аз уақыт қалды. Сондықтан, осы уақыттың басым міндеті - біріншіден бюджет қаражатын тиімді және толық игеру. Ол үшін барлық қажетті құжаттарды уақтылы әзірлеп қабылдау қажет және 2019 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджетті іске асыру үшін барлық керекті бюджеттік рәсімдерді жүргізіп үлгеру керек. Екіншіден, орталық және жергілікті органдар қараша айында 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті іске асыру үшін мемлекеттік сатып алудың алдын ала жоспарларын әзірлеуі тиіс. Үшіншіден, қарашадан бастап әкімшілер барлық деңгейдегі бюджет қаражаты есебінен 2020 жылға арналған мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды хабарландыруды бастауы қажет», - деді Ә.Смайылов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT