Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64
Jańalyqtar

Аудандық соттың судьясы пара алу кезінде ұсталған

2018 жылғы 23 ақпан 16:29 308
Бөлісіңіз:
Аудандық соттың судьясы пара алу кезінде ұсталған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Мақтарал аудандық №2 сотының судьясы пара алу кезінде ұсталды. Бұл туралы бүгін Облыстық соттың алқа төрағалары өткізген баспасөз мәслихатында сөз болды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда көпір ұрлаған адам сотталды Өз әріптесін атып өлтірген полицей сотталды

Облыстық соттың Қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Зияддин Пірнияздің айтуынша, Мақтарал аудандық №2 сотының судьясы 500 мың теңге пара алу кезінде ұсталған. Қазір оның қылмыстық әрекетіне қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жиында сондай-ақ соттар этикасын бұзған судьялар жөнінде айтылды. Мәселен өткен жылы арнайы комиссияда 40 судьяның тәртіптік ісі қаралған болса, соның үшеуі қызметінен кеткен.

«Жұмыстан босатылғандар Қаратау аудандық сотының судьясы Шаланов, Түркістан қалалық сотының төрағасы Серікбаев және Қазығұрт аудандық сотының судьясы Тастанбеков. Биылғы жылы бір судьяны жұмыстан босату туралы ұсыныс берілді»,- деді облыстық соттың судьясы Тамара Қалиқызы. 

Яғни, қызметтен шеттетілген Қаратау аудандық сотының судьясы Ермахан Шаланов пен Түркістан қалалық сотының төрағасы Омар Серікбаев пара алып, ұсталған болатын. Сотта Шалановтың бір тұрғыннан 500 мың теңге көлемінде пара алғаны дәлелденіп, 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал Омар Серікбаев сотталушының жазасын жеңілдетіп беремін деп 3 млн теңге алған. Кейіннен сотта  «қызмет бабын пайдаланып,  алаяқтық жасады» деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.


Аудандық соттың судьясы пара алу кезінде ұсталған 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сот, Түркістан облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT