Аудандық сот төрағаларын сайлау элементі енгізілмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде аудандық соттардың төрағаларын сайлау элементі енгізілмек. Бұл туралы сенатор Андрей Лукин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аудандық соттың төрағаларын сайлау элементтерін енгізу ұсынылады. Бұл мәселені біраздан бері заңгерлік қауымдастықтар, кәсіпкерлер мен судьялар көтеріп келеді. Мұның үстіне сөз тек шалғайдағы және құрамы шағын соттар жайында ғана болып отыр. Елордамызда және облыс орталықтарында 15 сот төрағасыз отыр», - деді Андрей Лукин Сенаттың жалпы отырысында «ҚР сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» заң жобасын таныстыра келе.

Депутаттың атап өтуінше, сайланбалы жүйені енгізу жағдайды түзеуге септігін тигізеді. Судьялар қоғамының өздері кандидатты ұсынылады.

«Әріптестері беделді судьядан өзін-өзі ұсынуды өтінеді. Айқындық пен ашықтық қамтамасыз етіледі. Мансаптық өсу жүйесі түсінікті болады. Жоғарғы соттың судьяларын да Сенат балама негізде сайлайды. Сенаттың кемінде 2 судьяны тағайындау мүмкіндігі болады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар