Аудандық онкологтардың еңбекақысы артады - Диляра Қайдарова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда аудандық онколог-дәрігерлерді ынталандыру шаралары қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас онколог-дәрігері, қазақ ұлттық онкология және радиология институтының директоры Диляра Қайдарованың айтуынша, маусым айында өңірлерді дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленген.

«Бұл жоспарды Үкімет бекітті. Астана мен Алматы ғана емес, әр өңірде 2022 жылға дейін жаңа сәулелік үдеткіштер орнатылады. Иммуногистохимия мен телемедицина зертханалары ашылады, мұның барлығы бюджетте қарастырылған. Терапия бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 4 млрд теңгеден астам сомаға көбейеді. Аудандық онкологтардың еңбекақысын көтеру үшін қаржыландыру артады. Оларды ынталандыру үшін қосымша қаражат бөлуді сұрадық. Әрбір ерте анықталған бірінші сатыдағы диагноз үшін қосымша ақы төленеді», - деді Диляра Қайдарова Астанада Онкология және паллиативті көмектің өзекті мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда.

Сонымен бірге, Д. Қайдарова науқастарға дұрыс диагноз қою үшін көп уақыт жұмсалатынын жасырмады.

«Біздің онкологтар жергілікті мекемеде әдістемелік көмек көрсетуі қажет. Келіп түскен шағымдарды қарасақ, науқастар қатерлік ісікке дейін қате диагноздармен  сандалып жүргендерін айтады. Кейде қатерлі ісік диагнозын қою үшін бір айдан астам уақыт кетеді», - дейді бас онколог-дәрігер.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған Жолдауында ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен 20 пайызға көбейтуді тапсырған еді.

 

Соңғы жаңалықтар