+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Аудандық, қалалық білім басқармаларының басшылары жаңа тәртіппен тағайындалады - БҒМ

2020 жылғы 21 қаңтар 14:07
Бөлісіңіз:
Аудандық, қалалық білім басқармаларының басшылары жаңа тәртіппен тағайындалады - БҒМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде аудандық және қалалық білім бөлімдері облыстық білім басқармасының құзырына беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Назарбаев университетінде білімімді жалғастырмақшымын – Шынар Марс Уханьдағы мектептерде оқу қайта жанданады Шекара жабылуына байланысты шетелде қалған «болашақтықтарға» 66,4 млн теңге шәкіртақы төленді

Бұл туралы ҚР Білім жəне ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты.

2019 жылғы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған еді.

«Жаңа заң арқылы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарын қаржыландыруды аудандық деңгейден облыстық деңгейге ауыстыруды көздеп отыр. Одан білім беру жүйесінде не өзгереді? Білім беру ұйымдарын қаржыландыру өңірлердегі облыстық бюджеттен тікелей бөлінеді. Ал аудандық, қалалық білім бөлімдерін дербес заңды тұлға ретінде қаржыландыру жалғасады. Бірақ, барлық бюджеттік қаражатты реттеу жұмыстары орталықтандырылып, облыстық бюджеттен жүзеге асады», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қаржыландырудың дәл осы формасы білім беру ұйымдарын қаржыландыру деңгейін көтереді.

«Қазір барлық деңгейде - мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғарғы білім беруде жан басына шаққандағы нормативті қаржыландыру жүріп жатыр. Бұл білім беру ұйымдарындағы қаржыландыру процесін оңтайландырады және білім беру сапасын жақсартады. Одан бөлек, аудандық білім беру басқармаларының басшыларын тағайындау жүйесі өзгереді», - деді Б. Асылова.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, аудандық және қалалық білім беру басқармаларының басшыларын тағайындау облыстық басқармамен келісіледі. Сәйкесінше, жұмыстан шығу тәртібі де облыстық білім басқармаларының мақұлдауын қажет етеді.

Ал облыстық білім беру басқармаларындағы тағайындау мен жұмыстан шығаруды ҚР Білім және ғылым министрлігі реттемек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT