Аудандық ауруханадағы өртті полицей мен дәрігер сөндірді - СҚО

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында аудандық аурухананың балалар бөлімшесінде өрт шығып, оқиға орнында болған тәртіп сақшысы мен дәрігер дер кезінде жалынды ауыздықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 28 сәуір күні сағат 23.00 шамасында Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық ауруханада болған. Сол күні балалар бөлімшесіне жарақат алған қыз жеткізілген. Мұндай жағдайда ювеналды полицейлер зорлық-зомбылыққа тексеріп, міндетті түрде материал жинайды. Полиция капитаны Қанат Мерғалимов осы мақсатпен ауруханаға келген.

«Қабылдау бөлімшесіне медбибі жүгіріп кіріп, балалар бөлімшесінде өрт шыққанын айтты. Мен жедел оқиға орнына бардым,артымнан қызды қарауғашақыртумен келген рентгенолог Андрей Сидоренко да жетті. Қалың түтін емдеу бөлмесінен шығып жатты. Екі медбибі жалынды баса алмай жатыр екен. Дәрігер адамдарды қауіпсіз жерге шығаруға кірісті де, мен өрт сөндіргішпен тілсіз жауды ауыздықтауға кірістім», - дейді Қанат Мерғалимов.

Өрт электр құралының қысқа тұйықталуынан шыққан екен.

Салдарынан тартпалы төбе балқып, еден мен жиһазға аға бастаған. Полиция

қызметкері мен оған қайта көмекке келген дәрігер екеулеп, өртті сөндіре алды.

«Балалар бөлімшесінде 17 бала мен сәбилерімен жатқан 4 ана бар еді. Ең алдымен оларды тыныштандырып, қауіпсіз жерге шығару қажет болды. Дәрігер Сидоренко батылдық көрсетті. Шақырту түскеннен соң 7-8 минуттан кейін өрт сөндірушілер жетті. Ол кезде біз жалынды сөндіріп, сырқаттар мен қызметкерлерді көрші бөлімшеге көшіріп үлгерген едік», - дейді

полицей.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Әлжановтың айтуынша, полиция капитаны Мерғалимов 18 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман.

Ішкі істер органдарында қызметті патрульдік полициядан бастаған ол бұған дейін де түрлі жағдайларды бастан өткерген, жанып жатқан көлікті сөндірген кездері де болған.


Соңғы жаңалықтар