Аудандардың бюджетінен қаражат бөлу үшін қоғамдық сараптама жүргізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық мүмкіндігін күшейту керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инфрақұрылымдық әрі әлеуметтік бастамаларға аудандардың және елді мекендердің бюджетінен қаражат бөлу үшін қоғамдық сараптама жүргізілуге тиіс. Бұл ретте онлайн сауалнаманы да қолданған жөн», - деді Президент.

Мемлекет басшысы жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық мүмкіндігін күшейту керектігін айтты. Ол үшін мүліктік құқықты күшейтіп, ауылдық округтердің бюджет кірісін арттырған жөн.

Биылғы жылдың 1 желтоқсанына дейін Үкімет нормативтік базаны, осы маңызды проблеманы шешудің тетіктерін әзірлейді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажеттігін айтқан болатын.



Соңғы жаңалықтар