+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Аудан әкімінің орынбасары Алматы әуежайы маңында үй салуға рұқсат берді деп айыпталуда

2020 жылғы 20 ақпан 15:56
Бөлісіңіз:
Аудан әкімінің орынбасары Алматы әуежайы маңында үй салуға рұқсат берді деп айыпталуда

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасарына қатысты лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

«Ол 2017 жылы Талғар ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін атқара отырып, Талғар ауданының Панфилов ауылдық округінде Алматы қаласының халықаралық әуежайына жақын орналасқан 16 жер учаскесінің құрылыс сызбасына заңсыз келісім берген. Сол келісім жалпы ауданы 0,96 га болатын жер учаскесін азаматтардың жеке меншік құқығын тіркеу және сәйкестендіру құжаттарын заңсыз дайындауға негіз болған деген күдік бар» делінген хабарламада

Күдікті ҚР ҚПК 128-бабы тәртібімен ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жалғасуда.

Қ ПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайды.

Әкім орынбасарына қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT