Аудан әкімі орынбасарының үстінен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Федоров ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облыстық департаменті облыстың Федоров ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - деді ол.

Департамент басшысының айтуына қарағанда, ол ауданның автожолдарын күтіп ұстау және қызмет көрсету шарты бойынша орындалған жұмыс актісіне қол қою және төлем жасау үшін ЖШС өкілінен 150 мың теңге сомасында пара алған.

«Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Күдікті сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу туралы мәлімдеді. Тергеу жалғасып жатыр», - деді Арман Бердалин.

Соңғы жаңалықтар