+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Аудан әкімдерін сайлау: Өкілеттік қандай жағдайларда тоқтатылады

2021 жылғы 5 мамыр 14:03
Бөлісіңіз:
Аудан әкімдерін сайлау: Өкілеттік қандай жағдайларда тоқтатылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сайлауға өту шегін төмендету, «Барлығына қарсымын» графасын енгізу: Мәжіліс Президент ұсыныстарын қолдады Мәжіліс аудан әкімдерін сайлау бойынша заң жобасын мақұлдады

Бұл заң жобасы Конституциялық заң жобасының қабылдануына байланысты заңнамаға ілеспе түзетулер болып отыр.

«Осы Заң жобасы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Саяси партиялар туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарға түзетулер енгізуді көздейді. Заң жобасына сәйкес ауыл әкімінің өкілеттігі сайлау комиссиясы оны тіркеген сәттен басталады және келесі жағдайларда тоқтатылады: үміткерді саяси партия ұсынған жағдайда тиісті партияның мүшелігің жоғалтқан жағдайда; мәслихат депутаттары әкімге қатысты сенімсіздік білдіруі, соның ішінде жергілікті қоғамдастық жиналысының бастамасы бойынша; мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес басқа да негіздер», - деп атап өтті ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңға енгізілген түзетулермен ротация және аттестаттау жүргізудің күшін жою, тәртіптік теріс қылықтар үшін лауызымын төмендету көзделіп отыр. Одан басқа ауыл әкімі үшін тәртіптік жаза шаралары өзгеріссіз қалады.

«Соңдай-ақ, «Саяси партиялар туралы» заңға ауыл әкімдігіне кандидаттар ұсыну бойынша саяси партиялардың жарғысын, құқықтары мен міндеттерін толық орындау бөлігінде өзгерістер енгізу ұсынылады», - дейді Ә. Ерғалиев.

Айта кетейік, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңы жобасын таныстырды.

Онда аудан әкімдерін сайлау, Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың өту шегін 7%-дан 5%-ға дейін төмендету және барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «барлығына қарсымын» графасын енгізу ұсыныстары айтылған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT