+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Ауаға «таратылатын» газға қатысты Айжан Есмағамбетова жауап берді

2020 жылғы 14 тамыз 13:23
Бөлісіңіз:
Ауаға «таратылатын» газға қатысты Айжан Есмағамбетова жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова әлеуметтік желіде ауаға белгісіз газдың таралуына қатысты жарияланып жүрген қауесетке сенбеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында осы мәселеге қатысты сұрақ қойылды.

«Түнде ауаға белгісіз газды шашу жағдайы болып жатқандығы туралы тұрғындар арасында хабарлама таралуда. Осы орайда түнде үйдің терезелерін жабу, балаларды далаға шығармау керектігі айтылып жатыр. Осы ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады?», - делінген қойылған сауалда.

Өз кезегінде Айжан Есмағамбетова бұл қауесет шындыққа сай еместігін жеткізді.

«Қандай да бір қоспаларды ауаға шашуға байланысты ақпарат дұрыс емес әрі шындыққа жанаспайды. Бұл тұрғыда тек тексерілген ақпаратты, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінен алуды сұраймын», - деді Бас мемлекеттік санитар дәрігер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT