Ауадағы жағымсыз иіс: Атырау мұнай өңдеу зауытында тексеру басталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс тексеру басталды. Бұған бірнеше түн қатарынан жағымсыз иістің шығуы себеп болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау қаласының тұрғындары әлеуметтік желіде түнгі мезгілде жағымсыз иістің шығатыны туралы жазып жатыр. Тұрғындардың пікірінше, көпшілігінде бас ауруы, әлсіздік, тіпті жүректің айнығаны байқалған.

Азаматтардың осындай шағымына байланысты облыстық Экология департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытын жоспардан тыс тексеруді бастады.

«Біздің департаменттің қызметкерлері тұрғындардың шағымына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс тексеруді бастады. Өйткені, тұрғындар мұнай өнімдерінің иісіне шағымданды. Бұдан басқа, зертхана қызметкерлері желдің бағыты бойынша атмосфералық ауадан сынама алады. Қазір жел оңтүстік-батыстан, яғни зауыт орналасқан бағыттан соғып тұр», - дейді Атырау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов.

Бұған дейін Атырауда шөп өртеніп, ауада көміртегі тотығы шекті мөлшерден асып кеткенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар