Ауа райының оңалуына байланысты бірқатар облыста жол бөліктері ашылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының тасжолдарында көлік қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында 10:30-дан бастап «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 555-686 шақырымында, Тобыл қаласы-Сарыкөл ауылы аумағында көлік қозғалысына рұқсат етілді.

Сондай-ақ, сағат 12:00-ден бастап Қостанай облысында төмендегі жол бөліктері ашылды:

1.«Денисовка-Аршалы-Тавриченко-Комаровка» тасжолының 0-96 шақырымы, Денисовка ауылы – Комаровка аумағы

2.«Мамлютка-Қостанай» тасжолы, 180-250 шақырым, Ұзынкөл ауылы-Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы аумағы

3. «Марсиновка ауылына кіреберіс» 0-9 шақырымы

4. «Жітіқара-Чайковский» тасжолы, 0-27 шақырым 5. «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» тасжолы, 219-232 шақырымы, Октябрьское ауылы-Ақмола облысының шекарасы аумағы

Одан бөлек, 14:00-ден бастап «Нұр-Сұлтан қаласы-Щучинск қаласы» және «Нұр-Сұлтан қаласы-Теміртау қаласы» тасжолдарының ақылы бөліктері ашылды.

Соңғы жаңалықтар