+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Ауа райының нашарлауынан 4 өңірде Жедел штабтар жұмысын қайта бастады

2020 жылғы 14 ақпан 08:00
Бөлісіңіз:
Ауа райының нашарлауынан 4 өңірде Жедел штабтар жұмысын қайта бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының нашарлауына байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде және бірнеше өңірде Жедел штабтардың жұмыстары жандандырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сенбіге арналған ауа райы болжамы Қостанай мен Қызылордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды Жауын, жел, шаңды дауыл – жұмаға арналған ауа райы болжамы

«Ауа райының бұзылуына байланысты 13 ақпан күні Төтенше жағдайлар комитетінде және Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында Жедел штабтар жұмыстарын қайта бастады. Сондай-ақ шұғыл желі жұмысын жалғастырып жатқанын еске саламыз», - деді ҚР ІІМ ТЖК-дан.

Мәлім етілгендей, 14 ақпан таңертеңгі сағат 06.00-дегі жағдай бойынша елімізде 40 автотрасса жабық тұр. Оның 12-сі республикалық, 28-і облыстық маңызы бар жолдар.

«Өткен тәулікте 41 адам құтқарылды, оның екеуі – балалар, 30 адам эвакуацияланды. Қар құрсауынан 2 көлік шығарылды. Қазгидромет 14 ақпанға 6 өңірде ескерту жариялады. Осыған байланысты біздің ұсыныстарымызды ескеріп, елді мекендерден тыс жерге шықпауды сұраймыз», - делінген ТЖК хабарламасында.

Айта кетейік, 13 ақпан күні қатты бұрқасын салдарынан елордадан шығатын екі ақылы жолда жаппай жол-көлік апаттары болды.

Оның бірі сағат 15:00-де «Щучинск—Нұр-Сұлтан» автожолында тіркелді. Жолдың Нұр-Сұлтан қаласына қарай 36-шақырымында 20-ға жуық автокөлік соқтығысып қалды.

Ал елордадан Щучинскіге қарай жолдың 37-шақырымында 16 автокөлік өзара соқтығысты. Мұнда 5 адам жарақат алды. Оның ішінде 2 жасар бала да бар.

Үшінші жол-көлік оқиғасы «Нұр-Сұлтан-Теміртау« автожолының 1408-шақырымында сағат 16:00 кезінде болды. Шоқай елді мекенінің маңында 15 көлік соқтығысып қалған. Оның ішінде 3 жүк машинасы, 2 газель, 10 жеңіл көлік бар.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT