Валюта бағамдары:
    usd/kzt 422.01 eur/kzt 452.06

    rub/kzt 6.75 cny/kzt 62.72
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар жол жабылды

2022 жылғы 15 қаңтар 00:20

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 14 қаңтар күні жергілікті сағат Казталов-Жәнібек (0- 158 км , Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Жабылу себебі – қатты боран.

БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға осы бағытта алыс жолға шықпау керектігін ескертеді.

«Бұрқасын мен көктайғақ көлік құралын басқаруды қиындатып, соның салдарынан жолдарда апат болу ықтималдылығы артады. Сондықтан БҚО ТЖ департаменті жүргізушілер мен жолаушыларға жол ережесін бұзбай, жылдамдықты арттырмай, қашықтықты сақтау, мүмкіндігінше ұзақ сапарға шықпай, үйде болу керектігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар Өнеге-Бисен-Сайқын, облыстық Тасқала-Аққурай-РФ шекарасы және Үлкен Шаған-Переметный жолдары жабық.

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстанда боранға байланысты Саратов бағытындағы жол жабылды . Кейін ауа райының жақсаруына байланысты бұл жол ашылды.


Автор:

Елжан Ералы

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар