Ауа райының күрт бұзылуына байланысты үш облыста 9 жол жабылды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бірнеше жолдың жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 наурыз сағат 17:30-дағы ақпаратқа сәйкес 3 облыста ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілген.

Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай өңірлерінде тасжолдар жабылды.

Республикалық автожолдарды күтіп ұстау жұмысына 400 техника мен 500 қызметкер жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар