Ауа райының қолайсыздығынан «Атырау» әуежайы жабылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Атырау» әуежайында халықаралық және қалааралық рейстерді қабылдау және орындау тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуежайдың диспетчерлік қызметінен мәлім еткендей, ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшақтарды қабылдау және аттану кестесіне өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, таңғы 04:55-те әуеге көтерілуі тиіс болған «Атырау - Амстердам» рейсінің ұшағы 19:05-ке көшірілді. Ал Алматыдан ұшып шыққан борт Ақтөбеге қонған. Сағат 14:20-да Астанаға ұшуы тиіс болған рейс 23:55-ке қалдырылды. Сондай-ақ «Атырау - Орал» рейсі тоқтатылды. Бүгін орындалған жалғыз жергілікті рейс - «Атырау - Теңіз» бағыты болды.

Еске салайық, сейсенбі күні Атырауда нөсерлі жаңбыр басталып, ол бүгін таңертең толастады. Жаңбырдан кейін ауа температурасы күрт төмендеп, қалың қар жауған болатын. Ауа райының қолайсыздығынан, тіпті, бірінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болған жоқ. Электр желілеріне қар жабысып қалғандықтан, сымдар үзілді. Қалада және қала маңындағы үйлерге электр беруді қалпына келтіру үшін «Атырау Жарық» АҚ-ның 25 бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Авторы А.Соколов

Соңғы жаңалықтар