Ауа райының қолайсыздығына байланысты елордадан екі бағытқа шығатын жол жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты елордадан екі бағытқа шығатын жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖД-ға сілтеме жасап.

Сағат 12:10-нан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан қаласы-Петропавл» автожолының 18-231 шақырымы (Нұр-Сұлтан қаласы-Щучинск қаласы) барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Сағат 12:35-тен бастап қолайсыз ауа райына байланысты (қатты жел, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Екатеринбург -Алматы» автожолының 1291-21426 шақырымында (Нұр-Сұлтан қаласы-Теміртау қаласы) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.


Соңғы жаңалықтар