Ауа райының қолайсыздығына байланысты алты өңірде жолдар жабылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, бұрқасын, шектеулі көріну) алты өңірде: Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда қозғалыс жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет« РМК дерегінше, өңірлерде бұрқасын, қар, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

ТЖМ жедел штабы жол қызметтері, ІІМ, Қазгидромет және жергілікті

атқарушы органдар бірлесіп жұмыс істеуде. Жабық учаскелерде жолдарды қардан тазалау үшін арнайы техникалар жұмылдырылды. Арнайы бекеттерде құтқарушылар мен полиция қызметкерлері кезекшілік етуде. Жылыту пункттері іске қосылды.

Көлік нөпірінің жиналуына байланысты полиция және жол қызметтері кезек-кезегімен автоколонналарды ілестіріп, діттеген жеріне жеткізуде.

«Азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырамыз. Қажетті сақтық шараларын сақтаңыз. Қысқы кезеңде елді мекендер арасындағы автомобиль жолдарына шығуды жоспарламас бұрын міндетті түрде алдағы қозғалыс бағыты бойынша ауа райы болжамымен танысқан жөн», деп ескертеді ҚР ТЖМ.

.


Соңғы жаңалықтар