Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматыда ескерту жарияланды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда 7-8 сәуірде қатты жаңбыр жауып, сел жүруі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК болжамына сүйене отырып, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Жауын-шашын Алматы облысы аймағының таулы өзендеріне мол түседі деп болжанып отыр. Осының салдарынан сол аймақтарда су тасқыны болып, таудың төменгі аймақтарында орналасқан елді мекендерді су басуы мүмкін. «Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында барлық қала жұртшылығын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз», - делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар