+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ауа-райының қолайсыздығы алматылық альпинистерді іздеуге кедергі келтіруде - ТЖД

2019 жылғы 21 тамыз 09:56
Бөлісіңіз:
Ауа-райының қолайсыздығы алматылық альпинистерді іздеуге кедергі келтіруде - ТЖД

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Құтқарушылар «Қарқара» альпинистер лагерінен шыға алмай отыр. Тауда тағы да қар жауып тұр. Бұл тұралы Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында жол бойында тұрған көлікті жүк көлігі соғып, бір адам мерт болды Атырау облысында шетелдік жүк көлігі жанып кетті Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

«Қазавиаспас» мекемесінің МИ-171 борты мен әскери альпинистер тобы қазіргі уақытта «Қарқара» альпинистік лагерінде. Олар ауа-райының нашарлауына байланысты ұша алмайды. Тауларда тағы да қар жауып тұр. Біз рұқсатты күтеміз», - деп хабарлады комитет өкілдері.

Еске салсақ, алматылық альпинистер Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин Қырғыз тауларында жоғалып кетті. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев альпинистер тобының із-түзсіз кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылық білдірді. Кейінірек құзға өрмелеушілердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады. Көп ұзамай ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастағанын мәлім етті.Құтқарушылар тобына әйгілі альпинист Мақсұт Жұмаев жетекшілік етуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT