Ауа райының бұзылуына орай 8 өңірде автожолдар жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің 8 өңірінде автожолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазақАвтоЖол» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы

6 наурыз сағат 19:00-ден бастап ауа райының бұзылуына орай (қатты бұрқасын, көру мүмкіндігінің мүлдем болмауы) «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тасжолында (0-257 шақырым аралығы, Қандыағаш қаласы-Шалқар қаласы) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.

6 наурыз сағат 22.50-ден бастап ауа райының бұзылуына орай (қатты бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектеулігі) «Ақтөбе-Орск» автожолының 16-135 шақырым аралығында (Ақтөбе қаласы-РФ шекарасы) жүк көліктері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.


Қарағанды облысы

6 наурыз сағат 19.30-дан бастап ауа райының бұзылуына орай (көру мүмкіндігінің шектеулігі) «Жезқазған-Петропавл» автожолының 65-252 шақырым аралығында (Жезді кенті-Қостанай облысы) барлық көлік түрлеріне қозғалысқа тыйым салынды.

6 наурыз сағат 23.00-ден бастап Ақмола облысында автожолдардың жабылуына байланысты «Алматы-Екатеринбург» күре жолының 1071-1142 шақырым аралығы (Теміртау қаласы-Ақмола облысының шекарасы) барлық көліктер үшін жабылды.

Солтүстік Қазақстан облысы

6 наурыз сағат 20.00-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты (жаңбыр, қатты көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел) бүкіл бағыттар бойынша көліктің барлық түрлеріне жолдар жабылды.

Қостанай облысы

6 наурыз сағат 20.00-ден бастап Ақмола облысы мен СҚО-да жолдардың жабылуына байланысты барлық көлік түрлері үшін келесі автожолдарда қозғалысқа тыйым салынды: «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (108-232 шақырым, Әулиекөл кенті-Челгаши-Ақмола облысының шекарасы), «Жезқазған-Петропавл» (377-340 шақырым, Ақмола облысының шекарасы-Арқалық қаласы-Қарағанды облысының шекарасы), «Мамлютка-Қостанай» (180-243 шақырым, Ұзынкөл кенті-СҚО шекарасы), «Екатеринбург-Алматы» (678-729 шақырым, Сарыкөл кенті-СҚО шекарасы).


Астана

6 наурыз сағат 21.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, қатты көктайғақ, 15-25 м/с екпіндегі жел, көру мүмкіндігінің шектеулігі) көліктің барлық түріне бүкіл бағыттар бойынша жолдар жабылды.


Ақмола облысы

6 наурыз сағат 21.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, қатты көктайғақ, 15-25 м/с екпіндегі жел, көру мүмкіндігінің шектеулігі) көліктің барлық түріне бүкіл бағыттар бойынша жолдар жабылды.

Павлодар облысы

6 наурыз сағат 21.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) көліктің барлық түріне бүкіл бағыттар бойынша жолдар жабылды.

Шығыс Қазақстан облысы

6 наурыз сағат 21.00-ден бастап ауа райының бұзылуына орай (қатты бұрқасын) «Омск-Майқапшағай» күре жолы (587-733 шақырым, Павлодар облысының шекарасы-Семей қаласы) барлық көлік түрлеріне жабық.

6 наурыз сағат 23.55-тен бастап ауа райының бұзылуына орай (қатты бұрқасын) «Өскемен-Семей» автожолының (48-198 шақырым, Таврия ауылы-Семей қаласы), «Омск-Майқапшағай» автожолының (756-906 шақырым, Семей қаласы-Қалбатау ауылы), «Семей-РФ шекарасы» күре жолының (3-113 шақырым, Семей қаласы-РФ шекарасы) учаскелері барлық көлік түрлеріне жабылды.

 

  

Соңғы жаңалықтар