Ауа райының бұзылуына байланысты жеті өңірде ескерту жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 26 қаңтар, бейсенбі күні бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26 қаңтарда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20, кей уақытта 23-28 м/с.

26 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Астана қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз жел қарқыны 15-18 м/с жетеді.

26 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

26 қаңтарда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында күн тұманды болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні - 15-20 м/с.

26 қаңтарда Қызылорда облысының орталығында тұман түседі.

26 қантарда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел тұрады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде - 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде - 23 м/с.


Соңғы жаңалықтар