Ауа райына байланысты үш өңірде ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Cиноптиктер республиканың үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің мәліметінше, 24 қаңтар түнінде және таңертең Қостанай облысының кейбір жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғатыны күтіледі.

24 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кейбір жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавл қаласында бұрқасын болжанады. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

24 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерін тұман басып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Сондай-ақ Астанада 24 қаңтар күні күндіз бұрқасын күтіледі.

Соңғы жаңалықтар