Ауа райына байланысты бірқатар облыста су тасқыны қаупі сақталады - ТЖМ

2023 жылғы 5 ақпан, 22:50
Ауа райына байланысты бірқатар облыста су тасқыны қаупі сақталады - ТЖМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМКҚ төрт аймақтың ауа райына қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің дерегіне қарағанда, 4-10 ақпан аралығында Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында қар аралас жаңбыр және қатты жауын-шашын түсуі мүмкін.

«Сондай-ақ температураның күрт жоғарылауына байланысты қар мен мұздың тез еруі, беткейден су ағыны және өзен деңгейлерінің көтерілуі ықтимал. Бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін», - деп жазды Қазгидрометтен.

Ал ТЖМ азаматтарға өз үйлерінің аула аймақтарын қардан, арықтарды қоқыс пен мұздан уақытылы тазарту қажеттігін еске салады.

Су деңгейі көтерілген жағдайда 112 телефонына хабарласу қажет.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar