Ауа райына байланысты Алматы-Өскемен тас жолының бір бөлігі жабылды

Фото:
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысы аумағындағы Алматы-Өскемен тас жолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті әкімдікке сілтеме жасап.

«Абай облысында 13 қаңтардан бастап қолайсыз ауа райына байланысты (көрінудің шектелуі, бүйірлік жел) жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төніп тұрғандықтан, автомобиль жолдары учаскелеріндегі барлық көлік түрлері үшін Алматы-Өскемен бағытындағы қозғалыс тоқтатылды», - деп жазды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар