Ауа райына байланыста 3 өңірде көлік қозғалысы шектелді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылғы 8 қаңтарда үш өңірде ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8 қаңтарда сағат 09:20-дан бастап Павлодар облысында ауа райы жағдайының нашарлауына (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі, көктайғақ) байланысты «Қызылорда-Павлодар» күре жолының 1135-1382 шақырымдары, Қарағанды облысының шекарасы – Павлодар қаласы және «Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті» күре жолының 200-254 шақырымдары, Ақмола облысының шекарасы – Шідерті кенті учаскесінде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Сонымен қатар, 8 қаңтар күнгі сағат 10:00-ден бастап Павлодар облысындағы күн райының нашарлауына байланысты Ақмола облысындағы «Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті» күре жолының 16-200 шақырымдары, Нұр-Сұлтан қаласы-Павлодар облысының шекарасы учаскесінде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілген. Осы күні сағат 10:00-ден бастап Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысында «Қызылорда – Павлодар» күре жолының 1066-1135 шақырымдары, Молодежный кенті – Павлодар облысының шекарасы учаскесінден көліктің барлық түрлерінің қозғалысы шектелді.


Соңғы жаңалықтар