Ауа райы: Жұма күні елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстік-шығыста жел соғып, шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Синоптиктердің болжамынша, жұма күнгі ауа райы циклон және соған ілесе келетін атмосфералық ағындарға байланысты болады. Еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі.
Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшеюі күтіледі, Алматы облысында шаңды дауылсоғады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар