+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Ауа райы: Жексенбіде бірқатар облыс аумағында қатты ыстық болады

2021 жылғы 16 мамыр 01:22
Бөлісіңіз:
Ауа райы: Жексенбіде бірқатар облыс аумағында қатты ыстық болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбіде Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының аумағында қатты ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
5 градусқа дейін суытады: Алдағы үш күнгі ауа райы болжамы 21 маусымдағы күн райына болжам: Кей жерлерде жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел тұрады Бірқатар облыстарда найзағай ойнап, жауын жауады

16 мамырда Қазақстан территориясының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон ықпалында болатындықтан, күн райы ашық. Тек еліміздің солтүстік, орталық және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде найзағайлы аздаған жаңбыр жауады. Кей жерлерде, еліміздің оңтүстігі және оңтүстік-батысында жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Қызылорда облысында түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл соғады.

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, күндіз Түркістан облыстарында екпіні 23-28 м/с жетеді, Түркістан, күндіз Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғады.

Күндіз Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысында найзағай ойнайды.

Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды.

Күндіз Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Алматы облысының жекелеген ауданында ықтимал өрт қаупі өте жоғары.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT