Ауа райы: Үш өңірде ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 22 шілдеде күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде 420С қатты ыстық болады. 23 шілдеде күндіз кей жерлерде 400С дейінгі ыстық сақталады. Сондай-ақ 22, 23 және 24 шілде күндері аймақтың жекелеген жерлерінде шаңды дауыл тұрып, 15-20 м/с екпінмен оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. 23-24 шілдеде кей аумақтарда найзағай күтіледі.Ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

22 шілде күні Қостанай облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 17-22 м/с жетеді, кей жерлерде найзағай күтіледі. Ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

22 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Кей жерлерде екпіні 25 м/с жетуі мүмкін. 22 шілде күні  Петропавл қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болатыны күтіледі. Ескертудің ықтималдығы 90-95 %

 

Соңғы жаңалықтар