Ауа райы: Тағы екі облыста ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың тағы екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, 20-21 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

21 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Бұдан бұрын Астана, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жарияланған еді. 

Соңғы жаңалықтар