USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Ауа райы: Солтүстік және шығыс өңірлерге қатты аяз келе жатыр

2021 жылғы 6 желтоқсан 11:06
Бөлісіңіз:
Ауа райы: Солтүстік және шығыс өңірлерге қатты аяз келе жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 7-9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында жолда қалған 50-ден астам адам құтқарылды Синоптиктер 11 өңірде ескерту жариялады Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріне аяз келеді.

«Атлант аймағынан суық антициклон келе жатыр, ол елдегі жылы Оңтүстік циклонын алмастырады. Суық ауа массалары жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеледі.

7-8 желтоқсанда түнде еліміздің солтүстігі мен шығысында термометр бағаны 22-30 аязды көрсетеді. Ал республиканың оңтүстік өңірлері болса, Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларының қорғауында қалады. Мұнда айтарлықтай күн суытпайды», делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT