Ауа-райы: Солтүстік өңірлерде жел күшейіп, жаңбыр-бұршақ жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

15 тамызда Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік батыстан соғатын жел солтүстік шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай қаласында 15 тамызда найзағай, солтүстік батыстан соққан жел солтүстік шығысқа ауысады, екпіні күндіз 15-20 м/с жетуі ықтимал.

15 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде нөсер жауады. 15-16 тамызда кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік шығыстан, солтүстіктен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15 тамызда екпіні 25 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында 15-16 тамызда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Соңғы жаңалықтар