Ауа райы: Солтүстік Қазақстан облысында ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-ның таратқан мәліметі бойынша, 27-28 маусым күндері Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсер жауын-шашын болады. Кейбір жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ түсіп, дауыл тұрады.

Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысып, екпіні 15-20 м/c, кей жерлерде 23-28 м/с-ға дейін жетеді. 27-28 маусымда ауа температурасының түнде 2-10, күндіз 10-18 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Осыған байланысты, СҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қалыпты өмір тіршілігін қамтамасыз ету және ТЖ алдын алу бойынша шаралар қабылдауға кеңес етті.


Соңғы жаңалықтар