Ауа райы: Сейсенбіде тұман түседі, бұрқасын соғады, жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қарашада Қазақстанның басым бөлігі белсенді фронтальды аймағында орналасқандықтан, қар жауады, тек республиканың батысында ғана күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар