АУА РАЙЫ: Сенбіде қатты жел соғып, кей жерлерде жаңбыр жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 тамызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің кей жерлері жауын-шашынды болып, солтүстіктің жекелеген аудандарында найзағайлы нөсер жауады, дауыл және екпінді жел соғады. Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, оңтүстіктің кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы түнде кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман болып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жел соғып, шаңды дауыл күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде және таңертең дауыл күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар