Ауа райы: Сенбіде еліміздің солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20 сәуірде еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігі (орталы тұсы еліміздің оңтүстігінде орналасқан) циклонның ықпалында болады, соған байланысты қар аралас жаңбыр жауады), оңтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр жаңбыр жауады. Тек батыста және солтүстік-батыста күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, найзағай күтіледі, жел күшейеді, оңтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде бұрқасын соғады.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде жел 18 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар