Ауа райы: Қостанай облысында жолдар жабылды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Қостанайда облыстық маңыздағы жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысының ТЖД Төтенше жағдайларды ескерту бөлімінің мәліметінше, осы аптада өңірде қатты аяз болып, бұрқасын соғады. Бүгінгі ақпарат бойынша облыстық маңызға ие «Қойбағар-Қарасу» және «Севастополь-Б.Чураковка» бағытындағы тасжол жабылды. Сондай-ақ республикалық маңызы бар «Мамлютка-Қостанай», «Екатеринбург-Алматы» тасжолдарының қозғалысы уақытша шектелді.

«Құтқарушылар ауа райының нашарлауы туралы ескертеді. Азаматтарға метеорологиялық мәліметтерді «Дәрмен» қосымшасы арқылы қадағалауға, ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардағы қозғалысты шектеуге шақырды. Сонымен қатар бұрқасын кезінде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ұсынады. «Қазгидромет» РМК филиалының деректері бойынша 2021 жылдың қаңтар айының екінші онкүндігінде ауа температурасы -36 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз, құтқару қызметіне еліміздің барлық өңірлерінде қол жетімді «112» телефонына қоңырау шалыңыз», делінген Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар