+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Ауа райы: Қостанай облысында республикалық жолдар уақытша жабылды

2021 жылғы 13 қаңтар 21:40
Бөлісіңіз:
Ауа райы: Қостанай облысында республикалық жолдар уақытша жабылды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысының солтүстік аудандарындағы қатты аяз түсіп, бұрқасын көтерілгендіктен бүгін республикалық маңызы бар тасжолдағы көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында облыстық маңызы бар бірқатар жолдар жабылды Павлодар облысында қалааралық және ауданаралық бағытта жолаушыларды тасымалдау тоқтатылады Есірткіге елтіген көлік жүргізушісі жолаушы тасымалдаған - СҚО

Бүгін сағат 21:30-дан бастап республикалық «Мамлютка-Қостанай» А-21, «Екатеринбург-Алматы» тас жолы учаскесінде, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Ұзынкөл кентіне дейін қозғалыс уақытша жабылды.

Департамент мамандары ауа райының күрт өзгеруіне байланысты облыс тұрғындарын алыс жолға шықпауға шақырады.

«Азаматтарға метеорологиялық мәліметтерді «Дәрмен» қосымшасы арқылы қадағалауға, ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардағы қозғалысты шектеуге шақырады. Сонымен қатар бұрқасын кезінде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ұсынады. «Қазгидромет» РМК филиалының деректері бойынша, 2021 жылдың қаңтар айының екінші онкүндігінде ауа температурасы -38 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз, құтқару қызметіне еліміздің барлық өңірлерінде қол жетімді «112» телефонына қоңырау шалыңыз», делінген баспасөз хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT