Ауа райы: Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет Қазақстанның үш облысында күн райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 наурызда түнде және таңертең Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі.

9 наурыз күні күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман түседі.

Орал қаласында 9 наурыз күні түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ болады.

9 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Жезқазған қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.


Соңғы жаңалықтар