Ауа райы: Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның үш облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

6 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады.

Қостанай қаласында күндіз 6 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

6 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

Көкшетау қаласында бұл күні таңертең және күндіз тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

Сондай-ақ, 6 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Соңғы жаңалықтар