Ауа райы: Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды
2017 жылғы 2 қазан 15:25

Ауа райы: Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш облысында ауа райына қатысты ескерту жарияланды.

Бұл жайлы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

«Бүгін түнде және 3 қазан күні таңертең Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр күтіледі, кей жерлерде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді», - делінген хабарламада.

Бұдан тыс, Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түсуі күтілуде, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 м жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін жететіні күтілуде.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT