Ауа райы: Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік бөлігінің кей жерлерінде жаңбыр (жауын-шашын) жауады. Ал елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді, тұман түсіп, оңтүстікте және шығыста найзағай ойнайды. 

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 20-25, екпіні 30 м/с-ге жетеді.

Ақмола, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде,  сондай-ақ тұман күтіледі, 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Соңғы жаңалықтар