Ауа райы: Қазақстанның бірқатар облысында ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Петропавл қаласында 28 маусым күні күндіз найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.

28 маусымда Қостанай облысыныңкүндіз кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с болмақ.

Қостанай қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

28 маусымда Қызылорда облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетіп, шаңды дауыл тұрады. Таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.

Көкшетау қаласында 28 маусымкүні күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні: 15-20 м/с.

Соңғы жаңалықтар