Ауа райы: Қазақстанның бес облысында ескерту жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды «Қазгимдромет» РМК.

17-19 қаңтар күндері аралығында Алматы облысында күн жылынуына байланысты қар еріп, өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

18-19 қаңтарда Жамбыл, Түркістан облысының өзендерінде жауын-шашын (19 қаңтарда - мол жауын) болып, ауа температурасының жоғарылауына байланысты су деңгейінің көтерілуі ықтимал. Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінде мұз еріп, су деңгейі көтерілуі ықтимал.

17 қаңтар күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман болады.

Соңғы жаңалықтар