+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

Ауа райы: Қазақстанның бес облысында ескерту жарияланды

2019 жылғы 9 қараша 17:39
Бөлісіңіз:
Ауа райы: Қазақстанның бес облысында ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бес облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ақтөбеде барлық бағыттағы жол жабылды Үш өңірде өзенде мұз кептеліп, су деңгейі көтеріледі

Нұр-Сұлтан қаласында 10 қарашада көктайғақ, түнде және таңертең жаяу бұрқасын, күндіз тұман болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік шығысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15 м/с жетеді.

10 қарашада таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с болуы мүмкін.

10-12 қарашада Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

10 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, солтүстіктен, солтүстік-батыстан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Сондай-ақ 10 қарашада Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, оның күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT