Ауа райы: Қазақстанның батыс өңірлерінде ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысында ауа-райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

7 ақпан күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/сек жылдамдықпен жел соғады.

7 ақпанда Ақтөбе облысының бірқатар өңірлерінде күндіз жаяу бұрқасын болып, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

7 ақпан күні күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/сек жылдамдықпен жел соғады ды деген болжам бар.

Осыған дейін Астанада аяздың беті қашан қайтатыны туралы синоптиктердің болжамын жария еткен болатыныз.

Соңғы жаңалықтар