Ауа райы: Қазақстанда қалың қар жауып, күн суытады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер 24-26 қараша күндеріне ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Қазақстан арқылы өтіп жатқан атмосфералық ағындарға байланысты елдің басым аумақтарында қар жауады. Сенбі күні республиканың солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарында қалың қар жауып, бұрқасын болады, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, жел екпіні 23-28 м/с, жекелеген аудандарда 30 м/с асуы мүмкін. Жалпы нормадан ауытқыған жылы температурадан кейін күн салқындауы күтілуде», - делінген «Қазгидромет» РМК-ның хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар