Ауа райы: Қазақстанда бүгін қар жауып, жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағы бойынша фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болып, күндіз оңтүстік-шығысында, шығысында таулы аумақтарында мол көлемде қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Шығыс-Қазақстан облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с болуы ықтимал.

Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел секундына 15-20 км жылдамдықпен ұйтқиды. Күндіз Солтүстік-Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, желдің күші секундына 15-20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар